Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова жаңа заң жобасына енгізілген ЛГБТ насихатын тыйым салуға қатысты нормаға түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Депутат ЛГБТ насихатының элементтері кейбір кітаптарда, журналдарда, мультфильмдерде және комикстерде кездесетінін айтып, мысал келтірді.
"Мен кітапханада ЛГБТ насихатталатын кітаптарды көрдім. Мәселен, бір ханзада басқа ханзадаға ғашық болады. Екеуі де ұлдар. Мұндай мысал көп. Көрсетуге рұқсат етілген мультфильмдер бар. Сондай-ақ осы тақырып астыртын насихатталатын журналдар, комикстер де бар", – деді Ирина Смирнова Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды ұсынған болатын.