Бір күн бұрын қымбаттаған мұнай қайта арзандай бастады

Brent барреліне 76,5 долларды құрады.

Бір күн бұрын қымбаттаған мұнай қайта арзандай бастады Фото: inbusiness.kz

Сауд Арабиясының мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімінен кейін "қара алатын" бағасы өскен еді. Алайда таңғы саудада мұнай бағасы қайта төмендеді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы тамыз фьючерстерінің құны барреліне 76,51 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,20 долларға (0,26%) төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 0,26 доллар (0,36%) төмендеп, барреліне 71,89 долларды құрады.

Еске сала кетсек, ОПЕК+ елдері өткен демалыс күндері Венада өткен кездесуде мұнай өндіруге арналған квотаның жалпы деңгейін тәулігіне тағы 1,4 млн баррельге – тәулігіне жалпы 40,46 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы осы жылдың өзінде өндірісті тәулігіне 1 млн баррельге қысқартатынын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу