Бір науқас 10 күнде 3 500 адамға коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін

947

Нұр-Сұлтанға әуежайдан кіргізілмеген 5 науқас емделіп жатыр. 

Бір науқас 10 күнде 3 500 адамға коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус пандемиясының қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. 

"Бұл вирус бізге сырттан енді. Сондықтан әуежайды ерекше бақылауға алу туралы шешім қабылданды. 22 наурыздан бері Нұр-Сұлтан қаласына 28 халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 2 500 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың бесеуінен коронавирус инфекциясы анықталды.  Науқастар бірден ауруханаға жөнелтілді. Олар қалаға кіргізілген жоқ. Қазір бір науқас 10 күнде 3 500 адамға коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін екені белгілі болып отыр. Кеше мемлекеттік комиссия 1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық  авиарейстердің келуіне тыйым салу туралы шешім қабылдады", – деді шаһар басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу