Бір тәулікте 791 адам коронавируспен тіркелді

510

Қазақстандағы коронавирус бойынша 19 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Бір тәулікте 791 адам коронавируспен тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Індет жұқтырғандар санының көптігі жағынан аймақтар арасында ШҚО әлі де бірінші болып тұр. Өңірде өткен тәулікте 242 адамнан індет анықталған.

Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында – 53, Алматы қаласында – 91, Шымкент қаласында 5 адам тіркелген.

Ал Ақмола облысында – 48, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 25, Атырау облысында – 19, Жамбыл облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында –39, Қарағанды облысында – 20, Қостанай облысында – 63, Павлодар облысында – 85, Солтүстік Қазақстан облысында – 85, Түркістан облысында 1 жағдай тіркелді.

Жалпы елде COVID-19 тіркелгелі 123888 адам ауру жұқтырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу