Бір топ жолаушы Ақтаудан Астанаға ұша алмай отыр

Себебі ұшақ кешігуде.  

Бір топ жолаушы Ақтаудан Астанаға ұша алмай отыр Фото: inbusiness.kz

Ақтаудан Астанаға бағытталған Scat әуе компаниясының рейсі кешікті,  деп хабарлайды inbusiness.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ұшақ 18 тамыз Ақтаудан таңғы сағат 6:00-де ұшуы тиіс еді. Алайда техникалық ақауға байланысты рейс дер кезінде орындалмады.
Жолаушылардың сөзінше, әуе компаниясы оларға рейстің кешігетінін ескертпеген.

"Ұшуға дайындық алдында қосымша техникалық қызмет көрсету қажет екені анықталды. Жолаушыларға күту кезінде барлық қажетті зат ұсынылды, соның ішінде тамақ та бар. Жолаушылардың қауіпсіздігі – әуе компаниясының басты әлеуеті", - деп түсіндірді Scat әуе компаниясынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу