Бір жыл бойы алюминий ұрлаған теміржолшылар сотталды

674

Шығын көлемі 36,5 млн теңгені құрады.

Бір жыл бойы алюминий ұрлаған теміржолшылар сотталды

Павлодар қаласының 16 тұрғыны алюминий мен сыра құтыларын ұрлап, сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың 15-і  – теміржол қызметкері, біреуі – ұрланған алюминийді сатып алушы кәсіпкер, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сотталған азаматтар теміржол вагондарынан алюминийді ұрлап, оны бірден сатып отырған. Қылмыстық әрекеттер 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың қазан айына дейін жалғасқан", – деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер келтірген шығын көлемі 36,5 млн теңгені құрады. Айыпталушылар жәбірленуші тарапқа шығынды толық көлемде қайтарғандықтан, зардап шеккен ұйым өкілдері ешқандай наразылық пен талап білдірген жоқ. Айыпталушылардың өздері бас бостандығынан айырмауды сұрады. Прокурор болса, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қажет деген ойын білдірді.

Сот тараптарды тыңдап, айғақтарды тексере келе, қылмыстық әрекеттердің тек кейбіріне қатысып, шығынды жапқан 5 адамның бас бостандығын екі жылға шектеді. Ал қалған айыпталушылар алдағы 2 жылын қауіпсіздігі төмен мекемелерде өткізетін болды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу