Бір жыл ішінде Ресейдің 1,5 мың азаматы Грузияда жер алған

451

Бір жыл ішінде, 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Ресей азаматтары Грузияда 474 649 шаршы метр жер сатып алған. 

Бір жыл ішінде Ресейдің 1,5 мың азаматы Грузияда жер алған Фото: ambebi.ru

Ресейдің 1,5 мыңға жуық азаматы үй салынған не бос жатқан жер учаскелерінің иелері атанды, деп жазады Inbusiness.kz Batumelebi басылымына сілтеме жасап.

Сатушылар шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сатуға тыйым салуды айналып өтуге көмектесетін заңнамаға сүйеніп жүр.

"Жер иесі Мемлекеттік тізілімге тиісті өтінішпен жүгіну арқылы оның қолдану аясын өзгерте алады. Ол үшін бір логикалық негіз болуы керек, бірақ көп жағдайда мұндай сұрақтар оңай шешіледі", — деп жазады "Новости-Грузия" порталы.

2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы шілдеге дейін Кобулет және Хельвачаур аймақтарында жер учаскелерінің мәртебесі 289 рет өзгертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу