"Бір жылда – 2 теміржол апаты": Испанияның көлік министрі қызметінен кетті

Министр мұндай шешімді парламентте 28 қазанда Урда қалашығы маңында болған пойыздар соқтығысына қатысты жариялаған.

"Бір жылда – 2 теміржол апаты": Испанияның көлік министрі қызметінен кетті Фото: orda.kz

Теміржол апатынан 69 адам қаза тапқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте қызметінен кетті

Екінші қайғылы оқиға қаңтар айында Андалусияда болған. Онда 46 адам жан тапсырған-ды. 

Соңғы апатқа пойыз қозғалысын реттеуші диспетчерлердің қателігі себеп болғаны анықталды. Автоматты дабыл беру жүйесіндегі ақаудың салдарынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыздардың біріне қозғалысын жалғастыруға қате рұқсат берілген. Сол себепті, ол жолда тоқтап тұрған екінші құраммен соқтығысқан. 

Осыған дейін Оскар Пуэнте отставкаға кету ниеті жоқ екенін мәлімдеген болатын. Десе де, парламентте сөйлеген сөзінде қызметінен кету туралы шешімді қабылдағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу