Бір жылда алтын кендерін өндіру 26%-ға өсті

891

Әлемде үш унция алтынның орташа бағасы – 1,8 мың доллар.

Бір жылда алтын кендерін өндіру 26%-ға өсті

2021 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда құрамында алтын бар кенді өндіру 7,1 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,4%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Құрамында алтын бар кенді өндірудің 79,3%-ы 3 өңірдің үлесінде: Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары. 

Сондай-ақ құрамында алтын бар концентраттарды өндіру 25,9%-ға немесе 124,8 мың тоннаға дейін өскен. Оларды өндіру бойынша Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары көшбасында тұр. 

Өңделмеген және жартылай өңделген алтын немесе ұнтақ түріндегі алтын шығару 29,2 тонна болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға артық.

Оның ішінде аффинирленген алтын – 17,6 тонна, Доре қорытпасындағы алтын – 8,3 тонна, катодты алтын – 127 келі, ұнтақ түріндегі алтын – 12 келіге жетті. 
Шығарылған алтынның үштен бір бөлігі елордаға тиесілі: 9,2 тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,3%-ға артық. Үздік үштікке Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары енді. 

Statista мәліметінше, 2015-2020 жылдары әлемдегі алтынның орташа бағасы өскен. Өткен жылы үш унция алтынның орташа бағасы 1775 доллар болды. 
Алдағы 5 жылда алтын бағасы төмендеуі мүмкін. Болжамға сәйкес, 2025 жылы әлемдегі үш унция алтынның орташа бағасы 1580 долларға төмендейді. Бұл өткен жылдың болжамды құнынан 11%-ға аз.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу