Бір жылда ең төменгі күнкөріс деңгейі 20%-ға өсті

535

Жазға қарай бұл көрсеткіш 42,6 мың теңгеге жетті. 

Бір жылда ең төменгі күнкөріс деңгейі 20%-ға өсті

Finprom.kz мәліметі бойынша осы жылдың мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 42,6 мың теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,6 пайызға артқан, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ бес жылда ең төменгі күнкөріс деңгейі 83,5 пайызға, он жылда 2,6 есеге өсті.

Өңірлік тұрғыда алып қарайтын болсақ, ең үлкен күнкөріс минимумы дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында белгіленеді (50,2 мың теңге) бір жыл бұрынғыдан 24,5%-ға артық.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан (46,9 мың теңге) және Алматы (45,4 мың теңге) облыстары көш бастап тұр. ТОП-5-ке Шығыс Қазақстан (43,1 мың теңге) және Павлодар (42,6 мың теңге) облыстары кірді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу