Бір жылда халықтың несиелік борышы 5 трлн өсті

155

Тұтынушылық несие көлемі 2022 жылы 13,2 трлн теңге болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 трлн теңгені құрап отыр.

Бір жылда халықтың несиелік борышы 5 трлн өсті Фото: inbusiness.kz

Елімізде жұмыс істейтін 10 миллион адамның 9 миллионында несие бар болса, ал борышкерлер реестрінде қарызы бар жеке тұлғалардың саны – 3,4 миллион адам, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Экономиканың жай-күйін бейнелейтін бірқатар көрсеткіштер әлі де көңіл көншіте қоймайды. 

Мәселен, елімізде жұмыс істейтін 10 миллион адамның 9 миллионында несие бар болса, ал борышкерлер реестрінде қарызы бар жеке тұлғалардың саны – 3,4 миллион адам", — деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

Сондай-ақ, тұтынушылық несие көлемі 2022 жылы 13,2 трлн теңге болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 трлн теңгені құрап отыр. 1 жылда неси алушылардың сомасы – 5 триллионға өсті.

"Бұл цифрлар – халықтың қарызға өмір сүріп жатқанының нақты белгісі. 18 трлн теңге көлеміндегі тұтынушылық несие – еліміздің жылдық бюджетінің 75 пайызына пара-пар. Бұл несиелердің уақытылы төленбеуі еліміздің қаржы жүйесін бір күнде техникалық дефолтқа алып келуі мүмкін", - деді депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу