banner

Бір жылда құрылыста пайдаланылатын құм 21%-ға, қиыршық тас 12%-ға қымбаттаған

896

Құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар бір жылда қиыршық тас бағасын 3,5 есе көтерген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір жылда құрылыста пайдаланылатын құм 21%-ға, қиыршық тас 12%-ға қымбаттаған

Ұлттық статистикасы бюросының мәліметінше, құмның орташа көтерме сауда бағасы бір жылда 20,2%-ға төмендеген. 2021 жылғы сәуір сайында табиғи құмның 1 текше метрі 2054 теңге болды. 

Тас үгіндісі (каменная крошка), ұнтақ (порошок), малтатас (галька), қиыршық тас (гравий), шақпатас (щебень), ұсақталған тастың орташа көтерме сауда бағасы 13,6%-ға төмендеп, 1 текше метрі үшін 3584 теңгеге жетті.

Алайда құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар бағаны айтарлықтай көтерген. Ұлттық статистикасы бюросының дерегінше, бір жылда құрылыста пайдаланылатын құм 21,2%-ға қымбаттаған: 1 текше метрі үшін 2642 теңге.

Шақпатас (щебень), малтатас (галька), шақпақ тас (кремень) бағасы 11,6%-ға өскен: 1 текше мертрі үшін 1996 теңге. Қиыршық тас (гравий) бір жылда 3,5 есе қымбаттаған: 1 текше метрі үшін 1311 теңге.

КТК телеарнасының мәліметінше, соңғы бірнеше айда құрылыс материалдары 2-3 есе қымбаттаған. Салдарынан Алматы маңында жүк көлігінің жүргізушілері наразылыққа шыққан.

Олардың айтуынша, бір жылда сникерс (құм-қиыршық тас қоспасы) бағасы 35 мың теңгеден 80 мың теңгеге өскен (1 жүк көлігі үшін). Тұрғындарға жүк жеткізушілерден құрылыс материлдарын сатып алу тиімсіз болып отыр.

Аталған кен шығарылатын орынның басшылығы электр энергиясы, солярка мен металдың қымбаттауына байланысты қиыршық тас, құм және балластың өзіндік құны өскенін атап өтті.

2021 жылы қаңтар-сәуірде 4,7 млн текше метр табиғи құм өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.

Бір жылда тас үгіндісі, малтатас (галька), қиыршық тас (гравий), шақпатас (щебень), ұсақталған тасты өндіру 9,5%-ға өскен: 13,8 млн текше метр.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу