Бір жылда малшылар 10 млн төл алған

1359

Төлдерді бірыңғай жүйеге енгізу үшін 9,9 млн сырға таратылған.

Бір жылда малшылар 10 млн төл алған

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жұқпалы ауруларға қарсы республикалық отряды 9 млн 933 мың төлге сырға бөлген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты хабарлады.

"2019 жылы Қазақстанда 10 млн-ға жуық сырға берілді. Осылайша төлдерді сырғалау 100% жүзеге асты", – делінген сайттағы ақпаратта. 

Сырғаланған төлдің 2,8 млн басы ірі қара болса, 6,8 млн басы ұсақ мал. Өткен жылдың аяғындағы дерек бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын біріздендіру базасында 7,9 мл бас ірі қара, 19,8 млн бас ұсақ мал, 2,8 млн бас жылқы, 214 мың түйе және 716 мың шошқа тіркелген. Яғни, елдегі мал саны 31 млн бастан сәл артық деген сөз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу