Бір жылда шамамен 2 есе артық көлік сатылған

881

Қазақстандықтар көбінесе Chevrolet, Hyundai, Toyota көлігін сатып алады.

Бір жылда шамамен 2 есе артық көлік сатылған

Қазақстанда бір жылда көлік нарығы шамамен 2 есе өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-маусымда көлік нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе өскен. Нәтижесінде 56 мың 418 көлік сатылған.

"Әлемде автомобиль тапшылығы мен жоғары сұраныс сақталып отыр. Алайда 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта отандық нарық 55,8%-ға өсіп, сатылған көліктер саны 56 мың 418-ге жетті", - деп жазылған хабарламада

Бірінші жарты жылдықта танымал үздік көліктердің бестігінде Chevrolet көш бастап тұр: 14 мың 754 көлік сатылған. Кейінгі орындарда Hyundai (12 мың 238 көлік), Toyota (6 мың 979 көлік), Kia (4 мың 97 көлік), Lada (3 мың 603 көлік). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу