Бір жылда жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны 14%-ға артқан

843

Биыл уақытша жұмыс істемейтін өнеркәсіптік компаниялар саны 9,7 мыңға жеткен.

Бір жылда жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны 14%-ға артқан

Коронавирус пандемиясы отандық кәсіпорындардың жұмысына кәрі әсерін тигізгені анық. Дегенмен, 2021 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасындағы нақты секторда оң динамика байқалған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 7,5%. Мысалы, машина жасау (+21,8%), жеңіл өнеркәсіп (+3,1%), химия өнеркәсібі (+14,2%), металлургия (+2,3%) және тағы басқа салаларда оң нәтиже тіркелді.

Сонымен қатар 2020 жылғы "коронавирус дағдарысы" кезеңінде нақты сектор ұлттық экономиканың тірегіне айналды. Қайта өңдеу сегментінде 3,9% өсім тіркелді.

Алайда коронавирус пандемиясы мен локдаун қазақстандық бизнеске қатты соққы берді. Өткен жылы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпорындар саны 22%-ға өсті.

2021 жылдың сәуірінде уақытша жұмыс істемейтін өнеркәсіптік компаниялар саны 14,4%-ға немесе 9,7 мыңға артты. Бұл – елімізде жұмыс істеп тұрған барлық кәсіпорынның 40%-дан астамы.

Өңдеу өнеркәсібін қолдау ұлттық экономика қауіпсіздігі үшін аса маңызды стратегиялық міндет болып саналады, сондықтан мемлекет тарапынан бұл секторға көмек көрсетіліп отыр. Мысалы, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша кредит берудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін өскен, субсидиялау мерзімі – 10 жылға дейін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейді. 

Сонымен қатар секторға "Бизнестің жол картасы – 2025", "ИИДМБ 2020-2025" мемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту қорынан лизингтік қаржыландыру және тағы басқа әдістермн қолдау көрсетіледі.

Өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсетудің тағы бір қуатты көзі – ірі бизнес. Табиғи ресурстарды өндіру және байыту саласындағы ірі компания – ERG (Еуразиялық Топ) отандық тауар өндірушілерден жыл сайын 2,5 млрд долларға тауар сатып алады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу