Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Әсіресе батыста қатты жаңбыр жауып, тек елдің оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Батыста, солтүстікте – бұршақ, дауыл, солтүстікте, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +30...+32, түнде +14...+16 градус.
Алматы мен Шымкентте де күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Алматыда күндіз ауа температурасы +31...+33, түнде +15...+17 градус болады. Ал Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы күндіз +33...+35, түнде +18...+20 градус. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.