Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды – министр

4499

Біржан Нұрымбетов дау туғызған мәселеге нүкте қоюды сұрады. 

Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды – министр

Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған 9 млн 960 мың адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 157 млрд теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік жәрмдемақыны үкімет тартып алмайды және әлеуметтік төлем тағайындалғандарға қылмыстық жауапкершілік қолданылмайды. 

"Өкінішке қарай, соңғы 4-5 күнде желілерде 42 500 теңгені алған азаматтар қылмыстық кодекс бойынша жазаланады деген әңгіме көп таралды. Бұған 5 сәуірден бастап заңгерлердің осы туралы сөз қозғай бастағаны түрткі болды", – деді Біржан Нұрымбетов.

Ол Данияр Нұрланұлы және Рустам Қожахмет деген заңгер-адвокаттардың қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талқылап, соны 42 500 теңгеге қатыстырып жазған мақала ел ішінде дүрбелең туғызғанын түсіндірді. 

"Бірде бір адам 42 500 теңгені алғаны үшін, тіпті жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Тағы да айтамын, 42 500 теңге алғаны үшін, қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық,– деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу