Birgemiz қорына 13 млрд теңге түсті

826

"Жұмсалған әр теңгенің түбіртегін сайтқа саламыз".

Birgemiz қорына 13 млрд теңге түсті

Birgemiz қорынан көмек алатын адамдардың тізімі жасалып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қаржының елдің көз алдында жұмсалуы үшін арнайы сайт құрылғанын айтты.

"Бүгінде Birgemiz қорына 13 млрд теңге түсті. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірде қордың өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге қордың сайты да іске қосылды. Ол жерде келіп түскен қаражат пен шығындар жарияланады. Тіпті түбіртектерге дейін көрсетіледі. Қазір әр өңірде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалып жатыр. Олардың бәрі жақын уақытта қордан көмек алады", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу