Біріккен күрес әлемі қауымдастығы қыркүйектен бастап халықаралық жарыстар өткізбек

840

Бұл туралы қауымдастықтың онлайн өткен жиынында белгілі болды.  

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы қыркүйектен бастап халықаралық жарыстар өткізбек

Аталған басқосуда 2020-2021 жылдардағы жарыстар күнтізбесіне өзгеріс енгені де талқыланған, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қауымдастық президенті спортшылар мен жанкүйерлер үшін қауіпсіз кезең басталғанда ғана күрес турнирлері басталатындығын атап өткен.

Ең алдымен 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жасөспірімдер, жастар және 23 жасқа дейінгілердің жарыстарын өткізу қарастырылған. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын қарашаның соңы немесе желтоқсанның басында Белградта өтеді. Кадеттер, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатын бұл маусымда өткізу қарастырылмаған. ⠀ 2020 жылы ерексектер арасында әлем чемпионатын өткізуді де жоспарлап отыр. Ол жағы ӘЧ өткізуге құлық танытқан елдердің күрес федерациялары өтінім бергеннен кейін белгілі болмақ.

2021 жылы күнтізбелік жоспар бойынша әлем чемпионатын өтуі керек. Бірақ келер жылы Токиода олимпиада өтетіндіктен олимпиадалық емес салмақтардың чемпионаты өтуі тиіс. Бұл да әлі нақтыланып, пысықталын шаруа болып қала бермек.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу