Бірінші басшылардың блогтарына 367 мың өтініш түскен

452

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

Бірінші басшылардың блогтарына 367 мың өтініш түскен

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ашық үкімет" порталы арқылы азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру көзделгенін айтады. Бүгінде портал аясында 4 платформа жұмыс істейді. Оның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджеттер", "Ашық нормативтік құқықтық актілер" және "Ашық диалог" бағыттары бар. 

"Бұл платформаларда 3,5 мыңнан астам ашық мемлекеттік мәліметтер жинақталып, 74 мың бюджеттік бағдарлама жобалары жарияланған. Сондай-ақ, онда 64 мың нормативті-құқықтық актілердің жобалары бар", – деді министр. 

Аида Балаева сөзінше бір ғана "Ашық диалог" платформасындағы бірінші басшылардың блогтарына 367 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Демек бұл қызметке сұраныс жоғары. 

 "Дегенмен қоғам тарапынан порталға жүктелген мәліметтерге қатысты орынды сын-пікірлер айтылып жүр. Мәселен, кейбір ақпараттар оқығанда түсініксіз, ұғынықсыз болып келеді, сұрақтарға дер кезінде жауап берілмейді", – деді министр. 

Сондықтан осы олқылықтарды түзету үшін "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. 

"Түзетулер екі негізгі міндетті шешуді көздейді. Олар – бақылау мен жауапкершілікті күшейту. Ол үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мәліметтерге қол жеткізу саласында уәкілетті органның міндеті беріледі", – деді Аида Балаева. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу