"Бірінші некесінен туған қызы": Шымкентте анасы қызын шелекпен ұрып, пышақпен тәрбиелемек болған

5246

Желіде жасөспірім қыздың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бірінші некесінен туған қызы": Шымкентте анасы қызын шелекпен ұрып, пышақпен тәрбиелемек болған Фото: Бейнежазбадан

Видеодан қолына пышақ ұстаған әйелдің жасөспірім қызға қарай пышақ сермеп, бетіне тақағанын көруге болады.

Содан соң әйел жасөспірімнің бетіне бірнеше рет соққы жасап, басынан шелекпен ұра бастайды. Видеода оқиғаның осы жылдың 30 наурызында болғаны анық көрсетілген.

Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Полицияның мәліметінше, жасөспірімнің әйелдің бірінші некесінен туған қызы екені анықталған. Қазір қыз әкесінің қамқорлығында.

"Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу