Бірінші сыныпқа қабылдауға 285 мыңнан астам өтініш түскен

613

Ата-аналардан бірінші сыныпқа қабылдау туралы 285 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Бірінші сыныпқа қабылдауға 285 мыңнан астам өтініш түскен

Білім министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Ал бірінші сәуірден бері 285 мыңнан астам өтініш түскен.

"Құжаттарды қабылдау 4 айға ұзартылған болатын. Бұл ата-аналарға да, мектеп әкімшіліктеріне де оқу процесіне дайындықты алдын ала ойластыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 10 тамыздан кейін мектептерде дайындық тобы жұмысын бастайды, оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады", – дейді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіліп жатыр. Мектепке қабылдану үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);

- баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

"Қызыл" аймаққа енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады. Ведомствоның болжамы бойынша осы оқу жылында бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам оқушы барады", - деп жазылған министрліктің баспасөз мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу