Бірқатар эстарада жұлдызы мемлекет алдындағы қарызын өтемей жүр

1344

Қарызын төлемей жүрген қазақстандық жұлдыздар аталды.

Бірқатар эстарада жұлдызы мемлекет алдындағы қарызын өтемей жүр

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпарат құралдарында жарияланған деректерінде көрініс тапқандай, отандық әртістер көлік, мүлік салықтарын төлемеген, кейбірі зейнетақылық жарналар бойынша да берешегі бар.

Салық бойынша ең көп берешек – 317,6 мың теңге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаевада жиналып қалған екен. Бұл соманың 222,6 мың теңгесі көлік салығына, 10,3 мың теңгесі – жеке тұлғалардың мүлік салығына тиесілі. Бұларға уақытында төленбегендіктен 567 теңге үстемеақы қосылыпты. Бұдан бөлек, халық сүйетін әртіс жер салығы бойынша 143,84 теңге қарызы бар көрінеді.

Жұртшылықтың құрметіне бөленген тағы бір эстарада әртісі Мақпал Жүнісованың борышы 47,148 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 47,017 мың теңгесі жеке кәсіпкер ретіндегі мүлік салығының еншісінде, ал 130 теңге – үстемеақы. 

Продюсер Баян Алагөзованы да салықшылар 36,847 мың теңге берешегін төлейді деп күтуде. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша қарызы 11,676 мың теңге, ал көлігі бойынша салығы 24,977 мың теңге болыпты.

RinGo тобының солисті Батыр Байназаров бюджетке 22,102 теңге борышын аудармай жүрген көрінеді. Оның 20,752 мың теңгесі – көлік салығы бойынша төленбеген салық, қалған 1,349 мың теңгесі – үстемеақы.

Дәл осындай проблема әнші Мәдина Садуақасовада (зейнетақылық жарна және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі 1,269 мың теңге), танымал Q-pop тобының солисі Роман Пакта (көлігі үшін 685,67 теңге), Ninety One солисті Азамат Зенкаевта (44 теңге) бар дейді.

Сонымен бірге, салық органдарының салықтық берешектерді жеке тұлғаларға шатастырып есептей беретіні жақында Мәжілісте айтылғанын да еске саламыз.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу