Бірқатар қалада ХҚКО-лар жұмыс істей бастайды

1222

Қызмет алу үшін электронды кезекке тұру керек.

Бірқатар қалада ХҚКО-лар жұмыс істей бастайды

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады. Бұл туралы kzcoronavirus2020.kz ресми телеграм парақшасында хабарланды. 

Сонымен қатар ХҚКО-лардан қызмет алу талаптары өзгерді. Енді орталық көмегіне жүгіну үшін электонды кезекке тұру керек. 

"ХҚКО-лардың жұмыс істеу тәртібі төмендегідей: 

  • ХҚКО-ларда тек электронды түрде қолжетімсіз болып табылатын, алдын ала egov.kz порталында рәсімделген қызметтерді көрсетеді;
  • ХҚКО-ларғатек 1414 нөмірі немесе egov.kz арқылы алдын ала кезек брондау арылы баруға болады; 
  • Электронды кезеңсіз қызмет көрсетілмейді;

"Зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғана электронды қызмет көрсетіледі. Оларға да алдын ала кезек алу керек", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу