Бірқатар облыста Экология департаменттерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

595

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы кездері тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың заңсыз тасталуына қатысты тұрғындардан арыз-шағымдар жиілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірқатар облыста Экология департаменттерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Осыған орай, Бас прокуратура уәкілетті органдардың табиғатты қорғау саласында экологиялық заңнамалардың сақтауына тексеру жүргізген.

"Прокурорлар, кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарды өңдеусіз рұқсат етілмеген жерлерге төккені туралы 43 фактіні тіркеді. Мысалы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты экологиялық тұрғыдан рұқсаты жоқ кәсіпорындарға 150 мың тоннаға жуық қауіпті қалдықтарды өткізген. Ал, кәсіпорындар, сол қалдықтарды өңдеусіз қаладағы бос жатқан жерлерге тастаған. Бүгінгі күнде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан 80 млн теңгеден астам шығын өндірілді. Оған қоса, зауытқа қоршаған ортаға эмиссия түрінде 1 млрд 600 млн теңге көлемінде төлемақы есептелді",- деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, қадағалаушы орган таратқан мәліметте, рұқсат етілмеген полигондар саны да көп екені атылған: "Қазақстан Ғарыш Сапары" мекемесінің ғарыштық бақылау нәтижесіне сәйкес, өңірлерде жыл сайын 9 мыңға жуық жаңа полигон анықталады. Мысалы, Алматы қаласының прокуратурасы Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарынан 17 коммуналдық және өндірістік қалдықтар көмілген жерді тапқан. Қазіргі кезде прокуратураның талабы бойынша қоқыс полигондары жойылды".  

Жалпы, тексеру қорытындысы бойынша, Ақтөбе, Алматы. Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Экология департаменттерінің басшылары, сондай-ақ профильді министрліктің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Табиғат қорғау инспекторлары бюджетке 33 млрд теңгеге жуық экологиялық шығынды, сондай-ақ 12 млрд теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлды өндірген. Үкіметке заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу