Бүгін қолайсыз ауа райына байланысты (қатты аяз бен көктайғақ) Қазақстанның төрт өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қашықтан оқуға мына өңірлердегі оқушылар жіберілді:
Ақтөбе облысында (қатты аязға байланысты) – өңірдегі мектептердің бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары.
Қостанай облысында (қатты аязға байланысты):
- Қостанай, Рудный қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Әулиекөл, Жітіқара және Алтынсарин аудандарында – 0-9 сынып оқушылары;
- Лисаковск қаласы мен Ұзынкөл ауданында – 0-11 сынып оқушылары;
- Арқалық қаласы мен Қарабалық ауданында – 0-4 сынып оқушылары;
- Амангелді ауданында да оқушылар қашықтан оқуға көшірілді.
Семей қаласында (көктайғаққа байланысты) – мектептердің 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің I-II курс студенттері (бірінші және екінші ауысым).
Өскемен қаласында (жаңбыр, секундына 15 метрге дейін жететін қатты жел және көктайғаққа байланысты) – бірінші және екінші ауысымда оқитын 0-5 сынып оқушылары қашықтан білім алуға жіберілді.