Бірқатар өңірде жедел жәрдемді 1 сағаттан артық күтуге тура келеді

991

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жедел жәрдем тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсете алмай отыр.

Бірқатар өңірде жедел жәрдемді 1 сағаттан артық күтуге тура келеді

Еліміздегі жедел жәрдем станциялары бір жылда 7,5 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда 330 жедел жәрдем станциясы (бөлімшесі) жұмыс істеген. 2019 жылы олардың саны 318 станция болған. Бір жылда жедел жәрдем станциялары 7,5 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2% төмен.

Әрбір 1 000 адамның 398-і жедел жәрдем бөлімшесімен қамтылған. Мысалы, 2019 жылы 1 000 адамның 451-і жедел жәрдем қызметін пайдаланған.

Елімізде жедел жәрдемді шақыру тегін. Қызметтердің сапасына Денсаулық сақтау министрлігі жауап береді.

2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың қоғамдық мониторингінің нәтижесіне сәйкес, тұрғындар жедел жәрдем жұмысына 82,5% қанағаттанған. Көрсетілген қызметтің орташа бағасы – 4,69 балл (5 балл). 

"103" нөмірі бойынша қабылданған барлық өтініштің 97,7% бойынша қоңырау қабылданған. 2,3% жағдайда қызметті алу үшін басқа нөмір ұсынылған.

Қазақстанда жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне сәйкес фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың жеделдік санатына байланысты диспетчерден шақырту алған сәттен бастап науқас тұрған жерге дейінгі келу уақыты – 10-60 минут. 

Көптеген жағдайда (85,4%) жедел жәрдемді күту мерзімі белгіленген нормативке сәйкес келген.

10,4% жағдайда тұрғындар жедел жәрдемді бір сағаттан аса уақыт күткен. Респонденттің тағы 4,2% жедел жәрдемді қанша уақыт күткенін нақты есіне түсіре алмаған. Сонымен қатар жедел жәрдемді 4 сағат, тіпті 5 күн күткен деректер тіркелген.

Респонденттердің басым бөлігі (27,7%) жедел жәрдемнің 10 минутта келгенін айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 25,8% – жедел жәрдемді шамамен 15 минут, 23,9% – 30 минут, 8% – жедел жәрдемді бір сағат күткенін айтқан.

Жауап бергендердің 94,8% жедел жәрдем бригадасы науқасқа тиісті көмек көрсеткенін атап өткен. 47,4% жағдайда көмек үйде көрсетілген, 35,2% жағдайда науқас ауруханаға жатқызылған, 13,1% жағдайда пациент ауруханаға жатудан бас тартқан, 1,9% жағдайда жедел жәрдем бригадасы тиісті көмек көрсетпей кетіп қалған.

Жедел жәрдем қызметкерлердің жұмысына ("сыпайылық және мәселеге назар аудару" санаты бойынша) тұрғындардың 88,3% қанағаттанған, респонденттердің 83,6% – оқиға орнына жедел жететініне, 83,1% – біліктілігіне, 83,1% – диспетчердің сыпайылығы мен ұқыптылығына көңілі толатынын айтқан.

74,2% "103" пультіне қоңырау шала алған. 

Жедел жәрдем қызметін бағалау өлшемшарттарының жиынтығы бойынша ең жоғары балды Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл және Ақтөбе облыстары жинаған.

Ең төменгі орташа балды Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары алған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу