Бірлескен кәсіпорында заңбұзушылықтар анықталды

444

Қазақстан мен Ресей мақта компаниясы күмәнді құрал-жабдықтар қолданған.    

Бірлескен кәсіпорында заңбұзушылықтар анықталды Фото: atameken.kz

Түркістан облысында Қазақстан-Ресей мақта компаниясын тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті "Қазақстан-Ресей мақта компаниясы" ЖШС-на профилактикалық бақылау жүргізген.

"Нәтижесінде шитті мақтаны қабылдау кезінде күмән тудыратын автомобиль таразыларын қолдану анықталды. Бұл "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заңның 19-бабы 1-тармағын бұзу болып саналады. Кәсіпорынға бұзушылықты жою туралы ұсыныс жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

Жеке серіктестіктің іс-әрекетінде заңсыз кәсіпкерлік белгілері болуына байланысты полицияға, сондай-ақ Қазақстандық стандарттау және метрология институтына тексерушінің сертификатын қайтару туралы мәселені қарау үшін хат жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу