Бірнеше бағыт бойынша теміржол билеттеріне жеңілдіктер қарастырылған

Сондай-ақ, жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55% дейін арттыра алады.

Бірнеше бағыт бойынша теміржол билеттеріне жеңілдіктер қарастырылған Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазанына дейін және 6 қарашасынан 7 желтоқсанына дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго пойыздарында үш теміржол бағыты бойынша жеңілдіктер енгізеді:

– № 79/80 "Астана – Арқалық" - билет құнынан 20% жеңілдік;

– №81/82 "Астана – Қостанай" - 30%;

– №65/66 "Астана – Жезқазған" - 40%. 

Жеңілдікпен билеттерді ресми www.bilet.railways.kz сайттан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы (андроид-платформасында қол жетімді) сатып алуға болады. 

Сондай-ақ, жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55% дейін арттыра алады.

"Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және "ktzh_pp_bot" Телеграмм-боты арқылы алуға болады", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу