Бірнеше ел тұрғындары аспанда жарқыраған нысандарды байқады

210

Ерекше құбылыс көпшіліктің арасында қызу талқынып жатыр.  

Бірнеше ел тұрғындары аспанда жарқыраған нысандарды байқады Фото: XRAS/Telegram

Ресей Ғылым академиясы Қолданбалы астрономия институтының Күн астрономиясы зертханасында мамандар 25-інен 26 тамызға қараған түні бірнеше елдің тұрғындары байқаған жарқыраған нысандардың не екенін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, нысан Қытайдың "Чанчжэн-8" орбиталық зымыранының отынды тастауынан пайда болған. Аталған зымыран бір күн бұрын төмен орбиталық байланыс спутниктерін ғарышқа шығарған.

Ол Вэньчан (Wenchang) ғарыш айлағынан ұшырылды.

Мамандардың түсіндіруінше, аспандағы із зымыран жанармайының тасталуынан кейін оның бөлшектерінің қатып, кристалдануынан және Күн сәулесін шағылыстыруынан пайда болған.

Бақылау күн батқаннан кейін бірден жүргізілген. Із Украина, Чехия, Германия аумағынан, сондай-ақ басқа да бірқатар елдерден байқалды.

Ал метеорит құлады немесе ғарыштық қоқыс жерге түсті деген нұсқаларды ғалымдар толықтай жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу