Бірнеше несиесі барлардың қарызы кейінге шегеріледі

187

Мұндай бастаманы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көтеріп отыр.   

Бірнеше несиесі барлардың қарызы кейінге шегеріледі Фото: canva

Агенттік қазақстандықтардың несие шартын өзгерту туралы өтініштерін қарау ережелерін бекітетін бұйрық жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Құжат "Ашық НПА" сайтында 13 ақпанға дейін қоғамдық талқыға шығарылды.

Порталда бұйрық жобасының толық нұсқасы болмағанымен, оның қысқаша мазмұны ұсынылған.

Оған сәйкес, жоба банктер, микроқаржы ұйымдары және басқа да несие беруші мекемелер үшін азаматтардың несие шарттарын өзгерту туралы өтініштерін қараудың және нәтижелерін уәкілетті органға хабарлаудың бірыңғай ережелерін белгілейді.

Құжатта мынадай мәселелер нақтыланған:

  1. Қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлағанын растайтын құжаттар тізімі (мүгедектігі бар жандар үшін – жеңілдетілген тізім);
  2. Өтініштерді қарау мерзімдері;
  3. Өтініш қаралып жатқан уақытта қарызды өндіріп алуға және қосымша төлемдер талап етуге тыйым салу;
  4. Клиентке қаржылық омбудсманға жүгіну құқығын түсіндіру міндеті.

Әлеуметтік көмек және жеңілдіктер:

  • Әлеуметтік әлсіз топтар мен ТЖ-дан зардап шеккендер: Олар үшін негізгі қарыз бен пайыздар бойынша төлемдерді комиссиясыз кемінде 3 айға кейінге қалдыру міндетті түрде енгізіледі.
  • Бірнеше несиесі бар борышкерлер: Бірнеше жерде қарызы бар азаматтар үшін қаржылық омбудсман арқылы қарызды 1 жылдан 5 жылға дейін қайта құрылымдау қарастырылған. Бұл дегеніміз – екі немесе одан да көп несиесін төлей алмай жүрген қазақстандықтар оларды бір қарызға біріктіріп, ыңғайлы төлем шартын келісе алады.
  • Әскери қызметшілер: Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар үшін де арнайы жеңілдіктер бар: әскери борышын өтеу кезеңінде және одан кейін 60 күн ішінде пайыздар есептелмейді, төлемдер тоқтатылады. Сондай-ақ, кредиторлар сарбаздардың шоттарындағы шектеулерді 5 жұмыс күні ішінде алып тастауға міндетті.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу