Бірнеше өңірде жолдар жабылды

849

Жолшылар жүргізушілерге жол ережесін сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертеді.  

Бірнеше өңірде жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды  "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысындағы "Үшарал-Достық" жолының 83-184 шақырымында, Көктума-Достық ауылдарының арасында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының "Тимирязево-Қостанай облысының шекарасы" жолының 0-32 шақырымы Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы барлық көлік түрлері үшін жабық.

 "ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 599 арнайы техника жұмыс істеуде.

Жолшылар жүргізушілерге жол ережесін сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу