Біртановтың үкімі бойынша апелляциялық сот кейінге қалдырылды

450

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша аппеляциялық сот отырысы 27 желтоқсанға ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz. 

Біртановтың үкімі бойынша апелляциялық сот кейінге қалдырылды Фото: inbusiness.kz

Астана қалалық апелляциялық сотының судьясы Айбек Әмірғалиевтың сөзінше сот құрамы толық емес. Бір судья денсаулығына байланысты отырысқа қатыса алмаған.

Экс-министрдің ісі бойынша келесі отырыс 27 желтоқсанға жоспарланған.

Еске салайық, сот үкімі бойынша Елжан Біртанов 5 жылға, ал бұрынғы денсаулық вице-министрі Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу