Осылайша қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер үшін дербес әрі кедергісіз төлем жасауға мүмкіндік алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің мәліметінше, бұл платформа былтырдан бері сынақ режимінде жұмыс істеген. Ал қазір ол цифрлық төлемдер саласындағы маңызды жобалардың біріне айналып отыр.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары жаңа жүйені пайдалану үшін азаматтар өз банктерінің мобильді қосымшасын жаңартып, бірыңғай QR функциясына қол жеткізуі қажет екенін айтты.
Еске салсақ, 2024 жылы Қазақстанда екі банктің қатысуымен бірыңғай QR жүйесі пилоттық режимде іске қосылған болатын. 2025 жылдың қарашасына қарай жүйеге алты банк қосылды. Сол кезде Ұлттық банк елдегі барлық банктермен бірыңғай QR жүйесін енгізу туралы келісімдерге қол қойылғанын және 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін барлық банктің клиенттері бұл сервисті толық пайдалана алады деген еді.