Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге мерзімінен бұрын алынған

248

Оның басым бөлігі 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге мерзімінен бұрын алынған Фото: ertenmedia.kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенат кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, бұл құрал ұзақ уақыттан бері жұмыс істейді және тек жеткілікті көлемде зейнетақы жинағы бар азаматтарға ғана қолжетімді.

"Бұл ешқандай "айла" емес. Аннуитет рәсімдеу үшін белгілі бір еңбек өтілі мен айтарлықтай жинақ қажет. Бұл механизм бұрыннан бар және тек жеткілікті қаражаты бар адамдарға қолжетімді", – деді Ербол Тұяқбаев.

Нақты айтқанда: аннуитет – заңды және бұрыннан бар жүйе оны тек жинағы жеткілікті адамдар ғана пайдалана алады ол арқылы барлығы бірдей ақша шығара алмайды. Сондықтан бұл “шектеуді айналып өту құралы” емес.

Вице-министр: “Аннуитетті адамдар ақша шешіп алу үшін әдейі ойлап тапқан жол емес, ол тек белгілі шарттары бар ресми механизм”, – деп түсіндірді.

Сондай-ақ бұл мәселе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп бұл мәселені зерттегенін және қазіргі уақытта зейнетақы аннуитетіне қосымша шектеулер енгізу қарастырылмайтынын айтты.

Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, тұрғын үй мен емделуге зейнетақы қаражатын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шектерін көтеру шешімі статистикалық деректерге сүйеніп қабылданған шара.

Бұған дейін БЖЗҚ-дан 5,8 трлн теңге мерзімінен бұрын алынған, оның басым бөлігі 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі. Оның пікірінше, мемлекеттің мақсаты – жастардың зейнетақы жинағын сақтап, болашақта олардың зейнеткерлік табысын қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу