Биржада доллар 451 теңге шамасында сатылуда

704

Елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 456 теңге, Алматыда 457,5 теңге. 

Биржада доллар 451 теңге шамасында сатылуда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 18 сәуірде 12:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 451,04 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында сағат 12:30-дағы дерек бойынша АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 456 теңге, Алматыда 457,5 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 454,27 теңгені құрайды. 

Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу