Биржада доллар 460 теңгенің шамасында саудалануда

487

Елорда мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 471 теңге. 

Биржада доллар 460 теңгенің шамасында саудалануда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 24 тамызда сағат 13:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 460 теңге шамасында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кететіні таңғы саудада АҚШ валютасы 458 теңгеге дейін құлдыраған. Алайда түске қарай доллар аздап нығайды. 

Kurs.kz мәліметінше, елорданың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың максималды бағамы 13:30-да 470 теңге, Алматыда 471 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы 1 долларға 470,45 теңгені құрайды. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу