Биржада корпоративтік облигациялар саудасы 26,4%-ға төмендеді

778

Қайталама нарықтағы сауда көлемі 85,3%-ға өсіп, 837 млрд теңгені құрады. 

Биржада корпоративтік облигациялар саудасы 26,4%-ға төмендеді

2021 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялар бойынша сауда-саттық көлемі 1,981 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 26,4%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz KASE баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 8,1 млрд теңгені, қайталама нарықта – 3,4 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 36, қайталама нарықта – 32, бір мәміленің орташа көлемі – 224,1 млн теңгені, қайталама нарықта – 106, 5 млн теңгені құрады.     

2021 жылы корпоративтік облигациялардың нарығында жалпы сомасы 1,144 трлн теңгеге 33 эмитенттің 68 шығарылымының облигациялары орналастырылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 48,9%-ға төмен.

Қайталама нарықтағы сауда көлемі 85,3%-ға өсіп, 837 млрд теңгені құрады.

Айналымдағы корпоративтік қарыз көлемі 2021 жылы 4,8%-ға өсіп, 15,4 трлн теңгеге (35,7 млрд доллар) жетті.

2021 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша KASE ресми тізімінде 80 эмитенттің 318 шығарылымының корпоративтік облигациялары болды. Өткен жылы KASE ресми тізіміне 37 эмитенттің 85 шығарылымының облигациялары енгізілді, оның 17-сі жаңа. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу