Биржада теңге құнсыздана бастады

1385

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 514-519 теңгеден саудалануда.

Биржада теңге құнсыздана бастады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан қор биржасында 11:00-дегі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 510,26 теңгені құрады. Осылайша АҚШ валютасы 0,33 теңгеге өсті. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 наурыздағы ресми бағамы 509,80 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 513,60 теңге, сату – 518,99 теңге.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 516 теңгеден сатып алынып, 518,86 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу