Биржада ұлттық валюта әлсіреп, 472 теңгеден саудалануда

Қазақстан қор биржасында сауда-саттық ашылғалы бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы валюталық бағамы 472 деңгейіне дейін әлсіреді, деп жазады inbusiness.kz. 

Биржада ұлттық валюта әлсіреп, 472 теңгеден саудалануда Фото: inbusiness.kz

Бұл қараша айының басынан бері ең төмен көрсеткіш. Ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 475-477, 5 теңгеден сатылуда.

6 желтоқсанға Ұлттық банк бекіткен көрсеткіш 1 доллар 469,26 теңге.

Айырбас бағамына қандай факторлар ықпал етуде?

5 желтоқсан Brent маркалы мұнайдың бағасы күрт құлдырап, қазір барреліне 83 долларды құрап, жыл басынан бері ең төменгі деңгейге жақындады. "Қара алтынға" қазір өте көп факторлар әсер етуде: G7 елдерінің ресейлік мұнайға енгізген шекті баға, ОПЕК+ елдері, әлемдегі ықтимал экономикалық баяулау және Қытайдағы коронавирустық шектеулер. Сондықтан мұның бәрі теңгеге де ықпал етуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу