Биржалық сауданың бірыңғай ережесі бекітіледі

716

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, биржалық сауданың бірыңғай ережесі бәсекелестікті арттыру және тауар биржасына тең қол жеткізу мүмкіндігін береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биржалық сауданың бірыңғай ережесі бекітіледі

"Биржалық сауданың бірыңғай ережесі брокерлер мен дилерлердің құқын шектеу шарттары мен ережелерін алып тастау жөніндегі норманы бекітеді", – деді министр мәжілістің жалпы отырысында биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында. 

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, биржалық сауданың бірыңғай ережесі тауарлар мен сауда-саттықты жекелеген талап бойынша секцияға бөледі.

"Бұған қоса заң жобасында тауар биржасында брокерлердің жасаған мәмілелерінің көлеміне қарай сараланған биржалық алым белгілеу құқығы көзделген", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу