Биржаның жабық болғанына қарамастан ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады

550

АҚШ валютасы 475 теңгеден сатылуда.

Биржаның жабық болғанына қарамастан ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады

6-шілде Қазақстан қор биржасында Елорда күні мерекесіне байланысты сауда-саттық жүргізілмейді. Биржа жұмысы 7 шілде сағат 10:15-те жанданады. Алайда ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы қымбаттап, 475 теңгеден сатылуда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бұған мұнай бағасының 9,45%-ға төмендеп, барреліне 101,1 доллардан сатылуы ықпал етті.

"Citigroup сарапшылары мұнай бағасының 2022 жылдың соңына қарай барреліне 65 долларға, ал 2023 жылдың соңына қарай 45 долларға дейін төмендеуі мүмкін деген болжам жасады. Сондай-ақ 5-шілде Ресей рублінің 10,45%-ға құлдырауын және доллар индексінің 106,45 тармаққа дейін өсуін ескерсек, теңге КҚК тыйымын есепке алмағанда да әлсіреуі керек", – деп жазды қаржы сарапшысы, FINANCE.kz телеграм арнасының авторы Андрей Чеботарёв.

Мұнай бағасы мен Ресей рубльіне қатысты өзгеріс қазірдің өзінде Қазақстан нарығына ықпал еткенін байқауға болады.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, 10:00-де еліміздің ақша айырбастау орындарында 472 теңдеген сатылған доллар, сағат 16:40-та 475 теңгеден саудалануда.

Ұлттық банктің 6-7-шілдеге беткіткен ресми бағамы 469,26 теңге.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу