Біржолғы зейнетақы төлемінің өтінім мақсатын өзгерту мүмкіндігі берілмек

871

Бір аптаның ішінде жаңа мүмкіндік пайда болады.

Біржолғы зейнетақы төлемінің өтінім мақсатын өзгерту мүмкіндігі берілмек

Біржолғы зейнетақы төлемінің төңірегіндегі қарбалас кейбір салымшыларды асығыс шешім қабылдауға итермелеп жатқан сыңайлы. "Отбасы банктің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, зейнетақы төлемін пайдалану мақсатын шұғыл өзгерту мүмкіндігін сұрап жатқандар бар екен.

"Біздің порталға түскен клиенттердің ескертулерін ескердік. Соның бірі – өтінім мақсатын түзету мүмкіндігі берілсе деген өтініш. Ондай өтініштер көп болмаса да, өте табанды түрде сұрап жатыр. Мысалы, адам әуелі біржолғы зейнетақы төлемін қарызды жабу үшін аламын деп көрсетеді де, кейін ипотекаға жаңа пәтер сатып алуға жұмсаймын деп шешуі мүмкін. Ал сұраған ақшасы арнайы шотта жатыр. Бір аптаның ішінде төлемді пайдалану мақсатын өзгерту мүмкіндігі пайда болады. Яғни, салымшылар өз өтінімдерінің мақсатын өргерте алатын болады", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу