Бишімбаев ісі: алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді

488

Бұл туралы Жоғарғы сот мәлім етті. 

Бишімбаев ісі: алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді Фото: inbusiness.kz

"Ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді", — деп жазды Жоғарғы соттан.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады.

Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу