Бишімбаев қандай жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылады?

257

Экс-министрге қылмыстық кодексінің екі бабы "аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" және "азаптау" бойынша айып тағылған. 

Бишімбаев қандай жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылады? Фото: Ulysmedia

Бірінші бап бойынша ең төменгі жаза – 15 жылға бас бостандығынан айыру, ең жоғарғысы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы.

"15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы үшін шешімге сегіз немесе одан да көп дауыс беруші (соның ішінде судья) жақтап дауыс беруі қажет. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тек судья мен алқабилердің бірауыздан шешімі болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін", – делінген жоғарғы сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу