Бишімбаев кінәсін тағы мойындамады

226

Сот алқабилердің қатысуымен өтуде.

Бишімбаев кінәсін тағы мойындамады Фото: @Zanamiviehali

Астанада әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын тағы да айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот отырысына бүгін таңдалған 12 алқаби (7 әйел, 5 ер адам) қатысып жатыр. 

Сот бастала салысымен сот алқабилердің фото, видеосын түсіруге болмайтынын ескертті.

Олардың фото, видеолары жарияланған ақпарат құралдарына "тиісті шара қолданылады" деді сот төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу