"Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы хат скрині": ІІМ мәлімдеме жасады

1014

Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

"Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы хат скрині": ІІМ мәлімдеме жасады Фото: instagram.com

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілдері "Желіде қаза тапқан Салтанат Нүкенова мен қамауға алынған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы хат алмасуының скриншоты пайда болды. Бұл ақпараттың таралып кетуін қалай түсіндіруге болады?" деп сұрады.

"Осыған дейін айтылғандай, күдіктілер қамауда. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Барлық дәлелді база қолда бар. Сондықтан да оның қорытындысы бойынша істі сотқа жолдаймыз", - деді ІІМ басшысы.

Ержан Саденов жоғарыда аталған скриншотты көрмегенін жеткізді.  

Министр қылмыстық істі тергеу қашан аяқталатынына қатысты сұраққа мардымды жауап бермеді. 

Айта кету керек, осыған дейін Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы хаттың скрині пайда болғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу