Бишімбаев Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді біліп, бәрін бақылап отырған

7769

Бұл туралы Нүкенованың отбасының қорғаушысы айтты. 

Бишімбаев Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді біліп, бәрін бақылап отырған Фото: Jogargy_sot

Нүкенованың телефонындағы деректердің бәрін Бишімбаев тексере алатындықтан Салтанат бәрін өшіріп отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адвокат Жанна Оразбахованың сөзінше, Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді Бишімбаев айтқан. 

"Салтанаттың телефоны Бишімбаевқа да тиесілі болған, ол оны ақтарып, кейбір деректерді өшіріп жүрген. Мұны марқұм Салтанат пен оның ағасы арасындағы әңгімеден аңғаруға болады. Бұған дейін Айтым (Нүкенованың ағасы) сотта сұрақтарға жауап берген кезде Салтанаттың "сенде сақталып тұрсын, мен өзімнен өшіремін" деп жазған хатын оқыған болатын. Яғни бұл жерде Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді Бишімбаев білгендіктен ондағы ақпараттардан қорқып, Бишімбаев білмесін деген оймен бәрін өзі өшіріп отырған", - дейді адвокат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу