Бишімбаевтің ісі: мемлекеттік айыптаушының Instagram желісіндегі жазылушылардың саны 15 мыңнан асты

187

Жалған парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.  

Бишімбаевтің ісі: мемлекеттік айыптаушының Instagram желісіндегі жазылушылардың саны 15 мыңнан асты Фото: Аскар Ахметуллин

Instagram әлеуметтік желісінде "aijan.aimaganova" атты парақша анықталды (парақша 15 000 мыңнан астам жазылушы жинады).

Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған "Құрметті қазақстандықтар! Парақша қарапайым Халықтың сұрауымен ашылды! Бірақ! Мен блогер емеспін! Жеке хабарламаларыңызға жауап бере алмаймын! Жекеге жазбауларыңызды өтінемін. Жауап бермей сіздерді ренжітуден қорқамын. Мен қатардағы прокурормын... Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеуге уәде беремін!".

  • Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.
  • Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды, делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу