Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгердің үстінен арыз жазды

149

Утебеков өзінің үстінен жазылған арыздың мәтінін де жариялаған.

Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгердің үстінен арыз жазды Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың анасы қорғаушыларын сынаған адвокаттың үстінен арыз жазды. Бұл туралы белгілі адвокат Джохар Утебеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Утебеков өзінің үстінен жазылған арыздың мәтінін де жариялаған.

“Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаным үшін. Ол сұрақтарды бүкіл ел сынап жатыр! Ол сұрақтар заң мен моральдан тыс”, – делінген жазбада. 

Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Утебековтің үстінен өзінің адвокаттарын сынаған жазбалар жарияланғаны және жазбалардың астында жазылған пікірлерді қадағаламағаны үшін шағымданған. Сонымен қатар Утебековті “соттың әрекетін сынады” деп айыптайды. 

“Шын мәнінде, "адвокаттарға кедергі келтірді" деген шағым көзбояушылық. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен арыздануының негізгі себебі – "судьяның әрекетін сынады" деген шағымға көшеді. Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге қорғап отыр? Неліктен бұл оларды сонша қызықтырады?”, – дейді адвокат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу